«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» басшысының бұрынғы орынбасарына 72 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
Мәселен, өткен аптада бірқатар шешім шықты. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 соты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа параның 30 есе көрсеткіші ретінде 72 млн теңге айыппұл салды, - деді Бекайдаров.
Бекайдаров атағандай, ол 2021 жылдың 17 ақпанында «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан 2,4 млн теңге көлемінде пара алған.
Параны ол мүлікті басқаруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету келісімі аясындағы жұмыстардың орындалу актісіне қол қою үшін алған. Сондай-ақ «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевқа да 48 млн теңге айыппұл салынды, - деді Бекайдаров.
Айта кетейік, Бекайдаров биыл пара беру бойынша істер көбейгенін атап өткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дүкен тонаған әйел ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы