Кәсіпкер кешірім сұрады. Қоғам кешіре ме?
Басы дауға қалған Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Ең алдымен, барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыз. Қазір сіздерді өте мұқият тыңдау керек. Мен видеоны қайта қарап шықтым. Расымен де дөрекі пікір, қатты айтылған. Мен Қазақстан азаматымын. Алматыда тудым, сол қалада өстім. Біздің компанияда жұмыс істейтіндердің 99 пайызы – қазақстандықтар. Салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компанияда тауарлардың бәрін қазақ тілінде насихаттаймыз. Қазір қосымшалардың бір бөлігі қазақ тіліне көшті, қалғаны енді көшіріліп жатыр. Жақын арада біз бұл жұмысты бітіреміз. Қазақ тілінде аздап түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын. Енді үйренуге тырысамын, - деді ол.
Еске сала кетейік, қазақ тіліне қатысты пікір білдірген кәсіпкерге желі қолданушылары байкот жариялағанын жазған едік.