Қаржы пирамидасының белгілері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі қаржы пирамидаларына қатысудан сақтандырады. Тек биылдың өзінде қаржы пирамидаларын құрудың осындай 35 фактісі тіркелді.

Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

БҚО-да зардап шеккен азаматтардың 612 млн теңгеден астам қаражатына қаржы пирамидасын ұйымдастырған «R.O.I. Club» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергелуде. ҚР 5 өңірінде номиналды құны 15 мың теңге немесе одан жоғары «сертификаттар» сату арқылы халықтан ақша тарту схемасын жасап, іске асырған «B2B Jewelry» зергерлік бұйымдар дүкендерінің басшыларына қатысты іс бойынша Алматыда тергеу жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам зардап шеккендер анықталды. 250 миллион теңгеден астам шығын келтірілді, - делінген комитет хабарламасында.

Комитет мамандары қаржылық пирамиданы қалай анықтауға болатынын айтып, қаржылық пирамиданы құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қарастырылғанын атап өтті.

Айта кету керек, қаржылық пирамидаға қосылу ерікті түрде және заңды қолдаусыз жүзеге асатыны назар аудартады. Бұл дегеніміз - ешкім инвестицияның қайтарылуына кепілдік бермейді.

Қаржы пирамидасының белгілері қандай?

1. Уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары. 

2. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлем жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді. 

3. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді.  

4. Компанияның тым жан-жақты қызметі болып табылады, сол арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады. 

5. Әлеуметтік желілердегі белсенді әрі мезі қылатын жарнама. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» ҚР Заңына сәйкес мүмкін емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен таралады. 

6. Қаржы регуляторы лицензиясының болмауы. Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет және ол екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс жасап, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Бірақ қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары лицензияны қажет етпейтіндігін мәлімдейді.  

Егер сізде қаржы пирамидасының қызметіне қатысты болуыңыз жайлы күмәніңіз болса, Комитетке келесі сенім телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы