Қаржы пирамидасы тұрғындарға млрд-тан астам шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы брифингте ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков интернет-алаяқтықтың дамуы туралы айтты.
Қазіргі таңда Түркістан облысының полиция департаменті қаржы пирамидасының басшылығын құру бойынша 217 бап аясындағы қылмыстық іске тергеу жүргізіп жатыр. Ұйымдастыруға қатысқан барлық тұлға анықталды. 800-ге жуық азамат аталған алаяқтардан зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі 1 млрд теңгені құрап отыр. Тергеу жалғасып жатыр, нәтижесі бойынша нақты көрсеткіштер болады, - деді Омарбеков.
Айта кетейік, Түркістан облысында Айгүл Үсенбекова «Evolution Corporation» интернет дүкенінің атын қолданып, мыңдаған адамның қаржысын жымқырған. Қорытындысында, полиция оны ғана емес, компанияның құрылтайшыларын да тұтқындаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Интернеттегі қылмыскерлерді ұстау қиынға соғады – Омарбеков
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы