Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдыртады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін маған QazCovidIn вакцинасын екінші рет егеді. 21-22 күннен кейін екінші рет егу қажет, - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қаринге сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасынің бірінші дозасы егілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Кейін Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайымен бөліскен болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы