10 Қазан 2025 2025, 13:59 Фото: видеодан скриншот

Караокедегі жанжал жол бойында жалғасып, 4 жігіт ұсталды

Астанада караоке-барда басталған жанжал көше төбелесіне ұласты. Тәртіп бұзғандар 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада караоке-барда басталған жанжал көше төбелесіне ұласты. Тәртіп бұзғандар 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, жанжал караокенің келушілері арасында болған. Мас күйінде сыртқа шыққан 4 ер адам төбелесіп, олар көлік жүрген жол бойына шығып кеткен. 

Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері жасы 22 мен 28 аралығындағы төрт ер адамды ұстады. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды.