Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған адам сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қала тұрғындары 52 миллион теңгесін салған қаржы пирамидасын құрушыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
34 жастағы ер адам ҚР ҚК-ның 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басқару» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
2019 жылы ер адам мессенджерде чат ашып, онда инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат таратқан. Ол пайда алу мақсатында ақшаны белгілі бір биржаға инвестициялауды көздеген.
Күдікті жалған маркетингтік жоспар құрған. Қарағанды облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушілері екі жыл бойы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Moderna вакцинасының қорғанысы әлсіреуі мүмкін екенін мәлімдеді
Өзгелердің жаңалығы