Қарағанды облысында індетпен күресу үшін қанша қаржы бөлінгені анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
Жалпы індетпен күресуге респуликалық бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Оның ішінде 7 миллиарды облыстық және қалалық, аудандық бюджеті. Бұл қаржы әртүрлі бағыттарға жұмсалды, - деді ол.
Сонымен қатар әкім осы уақытқа дейін бөлінген қаржының нақты қай салаға кетіп жатқандығын айтты.
Ең бастысы дәрі-дәрмек қорын жасау үшін және медициналық газдарды тарту үшін. Онымен қоса медициналық инфрақұрылымның жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатына жұмсалды, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Еске салайық, бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстың даму қарқыны мен өңірдегі эпидахуал жағдайы туралы айтқан болатын.
Олжас АДАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы