Канвон-2024: Бүгін спортшыларымыз жалғыз спорт түрінен бақ сынайды

31 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бір ғана спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, отандық ойыншыларымыз керлингтен аралас жұптық сында өнер көрсетеді.

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды. 

Жарыс Астана уақытымен көрсетілген.

Керлинг: Қазақстан – Дания (аралас жұп)

Жарыс кестесі:

09:30 іріктеу

16:30 ширек финал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы