Вакцинация. Қанша бала мен жүкті әйелге екпе салынғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Ведомство басшысы балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдер арасындағы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғандар қатарына тоқталды.

Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 5 592 адам егілді. Вакцинация жалғасуда, - деп атап өтті Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бір өңірінде індет өршіп тұрғаны туралы жазған болатынбыз. 11 өңір, атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы