Кәмелетке толмаған талдықорғандық қыз Алматыдан табылды

Бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы талдықорғандық  Алматыдан табылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

Полицейлердің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Қаратал ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жүрген жерін анықтады.

Кеше, яғни 17 қаңтарда, жоғалған қыздың орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлер кәмелетке толмағанды Үштөбеге жеткізіп, анасына тапсырды, – деп хабарлады облыстық Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кеткен бойжеткен байланысқа шықпай, жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы