Қағазбастылықтан арылу халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады – әкім
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді жолы адамның қатысуынсыз басқарушылық шешімдер қабылдау болып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда айтты.
Оның айтуынша, бұл міндетті орындау көп жағдайда мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға байланысты болмақ.Мемлекеттік қызметті қағазсыз форматқа көшіру халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады. Қазіргі таңда Алматыда цифрлық сауаттылық ең жоғарғы деңгейде, яғни 85%. Оның үстіне Алматы онлай қызметті дамытуда Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның рейтигіне енген жалғыз қала. Smart city бағдарламасы аясында көлік қауіпсіздігі, ЖКХ, денсаулық сақтау, білім беру саласында цифрландыру бойынша түрлі жобалар іске асырылуда. Осы жылдың тоғыз айында мемлекеттік қызметтің 95% электронды форматта жүргізілген. Біз Open Almaty порталы іске қостық. Ол қала тұрғындарының өтіншін, ұсынысын тыңдауға арналған. Екі жылда 150 мыңдай өтііш қаралған, оның 71% дер кезінде шешілді, - дейді Бақытжан Сағынтаев.Сонымен қатр ол қала тұрғындары көтерген сұрақтарға мониторинг жасалып, соған орай мәселені шешу жолдары қарастырылатынын айтты.
Қазір айына екі рет халықты жеке қабылдап, олардың өтініштерін, ұсыныс пікірлерін тыңдаймын. Бір рет әкімдікте, екіншісінде Nur Otan партиясының кеңсесінде, - деді ол.Алматыда жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр: Негізі көп дүние әйелдерге байланысты
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы