«Кәдімгі төбелес». СІМ Болгарияда төбелесіп қалған жас футболшылар жайлы
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Болгарияда болған балалар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетсек, Болгарияда балалар арасындағы футбол турнирінде қазақстандық балалар мен болгарлық тарап қақтығысып қалған болатын. Заңгер Мағжан Бейімбетов жанжал кезінде болгарлар бізді «моңғолдар» деп атады деген еді.
Смадияровтың түсіндіруінше, тараптар бір-біріне арыз жазбай, дау бейбіт шешілген.
Бұл оқиғаны кез келген спорттық матч кезіндегі «қарапайым төбелес» деп атайды.
Бұл жастар арасындағы біріншілік болды. Ол жаққа біздің 3-4 жеке құрама аттанған . Әрине, ол жаққа барамыз деп елшілікке хабарламады. Бірақ, дегенмен дипломаттарымыз бұл іске араласты. Оқиға орнына жергілікті полиция жетіп, екі жақтанда түсініктеме берілді. Шағымдардың өзара болмауына байланысты тәртіпті сақтау туралы хаттамаға қол қойылды, - деді ол елордада өткен брифингте, - деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, бұған дейін Айбек Смадияров ресейлік консул болған Евгений Бобровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіргендігін және Қазақстан МАГАТЭ-ні сотқа бермейтінін айтқан болатынбыз.