2 Қазан 2024 2024, 16:26 Фото: - Архив

Израиль, Иран және Ливанда референдум учаскелері қызметін тоқтатты

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, - деді ол брифингте.

Еске сала кетейік, Израильде 120, Иранда 102 және Ливанда 139 отандасымыз бар екендігі туралы хабарланды.