Бүгiн 2026, 10:03
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Шетелде жасырынып жүрген 4 қазақстандық елге жеткізілді
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген азаматтарды депортациялау бойынша арнайы операция жүргізді.
Ведомство мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері шетелден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы елге жеткізілді.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. Олар ҰҚК бағыттамасы бойынша ұсталып, Отанға қайтарылған.
Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер аясында тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бұған дейін кәсіпкерді 1 млн долларға алдаған алаяқ 10 жылдан кейін Германиядан Қазақстанға жеткізілген еді.