16 Қыркүйек 2026, 02:28
Фото: depositphotos.com
Италия мен Испания шекаралық бақылауды тағы 15 күнге ұзартты
Италия ІІМ елдің ішкі қауіпсіздігіне қатысты «елеулі қауіптер» сақталып отырғанын, сондай-ақ террористердің ел аумағына кіру қаупі бар екенін мәлімдеді.
Италия мен Испания екі ел арасындағы уақытша шекаралық бақылауды тағы 15 күнге ұзартты.
Бұл туралы екі елдің Ішкі істер министрліктері хабарлады.
Италия ІІМ елдің ішкі қауіпсіздігіне қатысты «елеулі қауіптер» сақталып отырғанын, сондай-ақ террористердің ел аумағына кіру қаупі бар екенін мәлімдеді.
Испания ІІМ де шекаралық бақылауды енгізуге себеп болған жағдайлардың әлі де сақталғанын атап өтті. Осыған байланысты Мадрид шекаралық бақылауды 8 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Италия Испаниямен Шенген аймағындағы еркін жүріп-тұру тәртібін алғаш рет 31 шілдеде уақытша тоқтатқан. Бұған Мароккодан Испанияның Сеута анклавына мигранттардың жаппай ағылуы себеп болған.