30 Қазан 2026, 02:18 Фото: Manu Fernandez/AP Photo/picture alliance

Испаниядағы теміржол апаты: Елде үш күндік аза тұту жарияланды

Апат 28 қазанда Мадрид пен Севилья қалалары арасындағы теміржол учаскесінде болған.

Испанияда екі жолаушылар пойызының соқтығысуынан кейін үш күндік аза тұту жарияланды. Апат салдарынан 68 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған. 

Апат 28 қазанда Мадрид пен Севилья қалалары арасындағы теміржол учаскесінде болған. Бірнеше вагон рельстен шығып, теміржол үйіндісінен құлаған.

Пойыздардың бірінде 397 жолаушы, екіншісінде 147 жолаушы болған. Көлік министрі Оскар Пуэнтенің айтуынша, соқтығысқа дейін теміржол учаскесінде қозғалысты автоматты басқару жүйесінде ақау пайда болған. Оның сөзінше, диспетчерлік орталықта ақауды жоюға жеткілікті уақыт болғанымен, мәселе шешілмеген.

Құтқарушылар апат орнындағы үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтау үшін ДНҚ үлгілерін қабылдау пункттерін ашты. Сонымен қатар бірнеше өңірде қан тапсыру акциялары ұйымдастырылды.

Бұл – Испанияда жыл басынан бері болған екінші ірі теміржол апаты. Қаңтар айында Кордова провинциясында пойыздардың соқтығысуынан 46 адам қаза тапқан.