Мұхаммед Зия Уль-Хак: Елбасының феномені – жаһандық деңгейде пайымдауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам зерттеу институтының бас директоры Елбасының үлесін ерекше атап өтіп, қоғамды дерадикализациялау және дінаралық диалогты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының" ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш президенті күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай "Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі" атты халықаралық конференция өтті.


Іс-шараға ҚР Президент әкімшілігі, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері, әртүрлі конфессиялар мен халықаралық діни ұйымдардың өкілдері, Исламад Халықаралық ислам университеті (Пәкістан), Орыс Православ шіркеуінің Мәскеу Патриархаты (Ресей Федерациясы), сонымен қатар, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан мемлекетінің барлық жетістігі Елбасының атымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мемлекет тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде таңдалып алынған диалог пен келісім, бейбітшілік пен толеранттылық саясатының бағдары жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогтың берік, әрі тиімді тұғырнамасына айналды, – деп атап өтті Н.Назарбаев орталығы басқарма төрағасы конференция жұмысын ашу барысында.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының директоры Амерхан Рахимжанов Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен орнығуы ҚР Тұңғыш президентінің есімімен тікелей байланысты екенін жеткізді. 

Елбасының басшылығымен Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси салада тиімді түрде үш мәрте транзит жасады. Жаңа саяси жүйе құрылды, нарықтық экономика механизмі қалыптасты, құқықтық мемлекеттің іргесі қаланды. Қоғамда этникалық және діни келісім қаматамсыз етілді. Біздің жас мемлекетіміз БҰҰ-ның теңқұқылы мүшесі ретінде мойындалды, – деді Амерхан Рахимжанов.

Іс-шараның шетелдік қатысушылары өз сөздерінде "Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі" атты конференцияны өткізу идеясын жоғары бағалап, Елбасының бірегей моделін әрі қарай дамытуға өз үлесін қосу арқылы жаһандық халықаралық қауымдастықта Н.Назарбаевтың авторлық моделін одан әрі алға жылжытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Конференция барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР Тұңғыш президенті қазіргі заманның әйгілі, беделді басшыларының қатарына кіретіндігін айтты. 

Елбасы бірегей саяси басшы дарындылығы мен дипломатиялық талантын көрсете отырып, Шығыспен де Батыспен де тең негізде ортақ тіл табыса алды. Әлемдік қауымдастық Елбасының жергілікті, аймақтық және жаһандық деңгейде барлық жағдайды нақты әрі тура көре білетін батыл көшбасшы ретінде таниды, – деді Ержан Ашықбаев.

Исламабад халықаралық ислам университеті, Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін ерекше атап өтіп, қоғамды дерадикализациялау және дінаралық диалогты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.   

Елбасының феномені – оның жаһандық деңгейде пайымдауында. Ең бастысы біздің рухани тірегіміз, рухани және қоғамдық келісімнің негізі – лайықты өмір сүруге қажетті баға жетпес құндылық екендігін түйсіну үшін Елбасы тәрізді даналық пен көрегендікке ие болуымыз қажет, – деп атап өтті "Әлемге мәдениет арқылы" Халықаралық ассоциациясының президенті өз сөзінде.

Ватикан Елшісі, архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт ұлттар мен халықтар арасында өзаратүсіністік пен ынтымақтастықты ілгерілету жөнінде хабарлама жасады. 

Диалог секулярлық ұстанымдар тарапынан әрдайым жапа шегуші діни сананың негізгі қағидаттарын құрметтеуі тиіс. Бұл шеңберде Н.Назарбаев орталығы тарапынан жүзеге асырылатын ҚР Тұңғыш президентінің бейбітшілік пен толеранттылық моделі бұл бағытта аса зор үлес қосар еді, - деді ол.

Конференция қатысушылары Қазақстанның әлемге дәстүрлі діндердің этикалық құндылықтары мен адамгершілік қағидаттарының маңыздылығын, олардың бейбітшілік пен гуманитарлық әлеуетін көрсете білгендігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы