Ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңға енгізілгелі отырған өзгерістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, «синтетикалық есірткіні» өндірумен байланысты қауіп-қатерді ескере отырып, есірткі зертханаларын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту туралы заңнамаға түзетулер әзірленді.
Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар «есірткіні өткізу мақсатында бір топ адаммен және аса ірі көлемде әзірлегені және қайта өңдегені үшін жауапкершілікке тартылады, санкциясы - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, - деді министр.
Ержан Саденовтің айтуына қарағанда, ұсынылатын түзетулерде осы әрекеттер 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ҚК 297-бабының 4-бөлігі бойынша дәрежеленеді.
Бұған дейін Мәжілісте есірткі тарататын жастарға жазаны жеңілдету мәселесі қарастырылып жатқаны мәлім болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алты облыстың республикалық жолдарына шектеу қойылды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы