Бүгiн 2026, 13:43 Фото: REUTERS/Majid Asgaripour

Иран көрші елдерге соққы жасамау туралы шешім қабылдады

Мұндай шешімді елдің уақытша басшылық кеңесі қабылдады.

Иранның жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарып отырған басшылық кеңесі көрші елдерге соққы жасамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ислам республикасының президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.

Уақытша басшылық кеңесі кеше көрші мемлекеттерге соққы жасамау және зымыран ұшырмау туралы шешім қабылдады. Тек егер олар Иранға қарсы шабуылды бірінші болып бастаса ғана жауап беріледі, – деп жазды Mizan агенттігі.

28 ақпанда  АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға әуе соққыларын жасай бастады. Салдарынан ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланды.

Шабуыл кезінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Сондай-ақ Иранда мектепке жасалған шабуыл салдарынан 40 адам қаза тапты. Елде 40 күндік аза жарияланды.

Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы беріп жатыр.