5 Қараша 2026, 15:38 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Иордания Королі Қазақстанға келді: Астанада қандай маңызды кездесу өтеді?

Иордания Королі II Абдалла Қазақстанға ресми сапармен келді. Астанада екі ел арасындағы маңызды келіссөздер өтіп, ертең халықаралық деңгейдегі саммит ұйымдастырылады.

Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.

6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.

Айта кетейік, Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн 2025 жылғы 26 тамызда да Астанаға сапармен келген еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысқан болатын.

Тағы оқи отырыңыз: Астанаға екі елдің көшбасшысы келеді: Қарашада Қазақстанда қандай маңызды жиын өтеді?