Асқар Мамин: Инвестициялық бақылауды күшейту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын және жалпы экономиканы жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеттері - халықтың өмір сүру сапасын және табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестициялар тарту. Барлық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер, әкімдіктер инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуі тиіс. Осы себепті мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қабылданып, инвестициялық бақылауды жақсарту керек. Осы жұмысты бақылау үшін әрбір мемлекеттік органға, ұлттық холдингке және әкімдікке өзекті тиімділік көрсеткіштері белгіленеді", - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа тиімді жұмыс орындарын құру үшін экономиканың басым секторларда өндірісті әртараптандыру, озық технологияларды енгізу, өндіріс пен экспортты кеңейту мәселелерін жалғастыру керек.

Асқар Мамин әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бірқатар нақты шара қолға алынғанын айтты. Бұған қоса, бюджетті қалыптастыруға халықтың қатысуын қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде "Халық бюджеті" жобасы енгізілетінін де жеткізді.

Аталған жиында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізіліп жатқанын айтты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы