Инвестициялар бойынша 15 өңір өсу көрсетті - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында инвестициялар бойынша 15 өңір өсу көрсеткенін айтты.

Инвестициялар бойынша 15 өңір өсу көрсетті. Түркістан облысында инвестиция 2 есеге жуық, Ақмола облысында үштен бірге өсті.2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл - Қызылорда және Атырау облыстары. Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 0,1%-ды құрады, - деді Руслан Дәленов.
Сондай-ақ министр құрылыс 5,9%-ға ұлғайғанын айтты.
15 өңірде өсу байқалады. Құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсуі Түркістан және Қарағанды облыстарында тіркелді.Қызылорда және Маңғыстау облыстарында құрылыс жұмыстары төмендеді.Құрылыстағы өсу отандық құрылыс материалдары өндірісіне оң әсер етті. Оларды өндіру 12,3%-ға ұлғайды, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, министр сөз барасында мамырда қызмет көрсету саласында өсудің серпінді қалпына келгендігін алға тартып, өңдеуші кәсіпорындарға 3% жеңілдетілген мөлшермен несие берілетіндігін де айтқан еді. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы