«Инватакси»: Алматылықтар шағымдарын OpenAlmaty-ға жібере алады

«Инватакси» қызметін алуға белгілі санаттағы азаматтар жүгінеді. Сондай-ақ қызмет көрсеткен көлікке арыз-шағымдарын білдіре алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Әр азамат қызметке көңілі толмаса не айтар ұсынысы болса, біздің басқармаға жүгіне алады. Дегенмен «Open Almaty-ға» арыз-шағымын түсірсе, біз әрі қарай шағымдармен жұмыс істейтін боламыз. Меніңше, бұл бағдарламаға шағым түсіретіндердің саны аз болады. Себебі жүйе реттілікпен жүргізіледі. Жақында ғана көліктерді тексерістен өткіздік. Жағдайлары қалыпты. Еске салайын, «Инватакси» қызметін азаматтардың бес санаты пайдалана алады. Олар – кресло-арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар, көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар, аутизм спектрі бұзылған мүгедектігі бар балалар, – деді Бауыржан Жаубасов.

Айта кетейік, «Инватакси» қызметінде лимит белгіленген. Қала тұрғындары бұл қызметті күніне екі рет қана пайдаланады. 

Пилоттық жоба іске аспай тұрып, азаматтардың көлікті ауруханаға көбірек шақыратынын анықтадық. Дегенмен көлікті базарға не болмаса сауда орталықтарына баруға да шақыра алады. Бізде жүру лимиті болғанымен, адамдардың қалаған жерлеріне баруға лимит жоқ. Себебі әр адам өзі қалаған жерге барып, көңіліне ұнаған орындарды тамашалай алады, – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тең мүмкіндіктер бөлімінің басшысы Аманат Сұлтанғазиев.

Инватакси қызметінің байланыс телефондары:
1. «Inclusion.kz» ҚБ – кресло-арбамен қозғалатын мүгедек адамдар (24 автокөлік). Байланыс: +77077106050, +77717480650, +77471953575, +77717480651;
2. «ЦРУ Инватакси» ЖШС – кресло-арбамен қозғалатын балалар (24 автокөлік). Байланыс: +7(727)339-03-87, +77013060776, +77766222264;
3. «Social Project Organization Group» ҚБ – аутизммен ауыратын балалар (14 автокөлік). Байланыс: +7 (727) 254-55-94, +7(727) 367-29-29, +77082545594, +77072389386;
4. «Денсаулык зор байлық» МҚБ – 18 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған балалар (16 автокөлік). Байланыс: +77078782544, +77029250048;
5. «Денсаулык зор байлық» МҚБ – 18 жастан асқан көру қабілеті бұзылған мүгедектер (22 автокөлік). Байланыс: +77000705710, +77279726809.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда «Инватаксиді» 2 мыңнан астам адам пайдаланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы