"Интимдік видео түсуге итермелеген". Прокурор Бишімбаевтың Нүкеноваға жасаған ісін айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қуандық Бишімбаев үнемі Салтанат Нүкенованы оятып алып,  интернеттен порнографиялық видеоларды көрсете отырып , "Бейнедегі сен емес пе?" деп сұрайтын деңгейге жеткен. Осылайша Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған, - деді Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова.

Сондай-ақ Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, бірге тұрған кезінде Бишімбаев Нүкенованы қызғаныштан ұрып-соғатын болған. 

2023 жылы наурыз айының ортасында тергеу нақты күнін анықтаған жоқ, Бишімбаев үйінде отырып, Нүкенованы қызғаныш пен агрессивтілік негізінде жүйелі түрде ұрып-соққан. Атап айтқанда, жұдырығымен, қолымен оның денесі мен бетіне қасақана соққы жасаған және аяқтарын ұрып, денсаулығына зиянын тигізген. 2023 жылғы 20 наурызда Нүкенова Бишімбаевтың келтірген жарақатын ұялы телефон арқылы суретке түсіріп, WhatsApp мессенджері арқылы ағасы Амангелдіге жіберген, бірақ ештеңе сұрамауды және ешқандай шешім қабылдамауды өтінген. Алайда, Амангелді Нүкенованың соққыға жығылған түрін көріп, олардың үйіне барып, Бишімбаевпен сөйлесіп, Нүкенованы ажырасуға көндірген, – деді Прокурор.

Еске сала кетсек, былтыр 9 қарашада Астанадағы мейрамханаларының бірінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қаза болды. Оқиғадан кейін Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Ал Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекеті заңды ма? Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мәселеге қатысты ойын айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы