14 Тамыз 2026, 11:43
Фото: rbc.ru
Instagram желісінде өзгерістер болды
Бұл жаңарту қазір әлеуметтік желінің барлық қолданушыларында пайда болды.
Меtа компаниясына тиесілі Instagram қосымшасының жоғарғы бөлігіндегі Instagram шрифті жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кеше Instagram-ның қазіргі басшысы Адам Моссери өзінің парақшасында желінің логотипінің өзгеретіні жайлы жазба бөлісті.
Қосымшаның жоғарғы жағындағы логотип-жазудың өзгермегеніне 10 жыл болды, сондықтан оны жаңартатын уақыт келді. Ол түпнұсқаның бірегейлігін, қарапайымдылығы мен ерекше стилін сақтай отырып, заманауи әрі жеңіл түрде қайта әрленді, – деп жазды ол.
Бұл жаңарту қазір әлеуметтік желінің барлық қолданушыларында пайда болды.
Бұған дейін қазақстандық жастардың 40%-дан астамы Instagram желісін қолданатынын айтқан болатынбыз.
Жанерке Жәкен