Инфляцияны екі есеге төмендету керек – Тоқаев

Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны екі есеге төмендету керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек, - деді Тоқаев.

Еске салсақ, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қарауды ұсынды. Дегенмен оппозициялық партия Смайыловтың кандидатурасына қарсы болды. Алайда Смайыловтың кандидатурасын 82 депутат қолдап, ол Үкімет басшысы болып қайта сайланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: world-nan.kz
Өзгелердің жаңалығы