"I’m really sorry": Тоқаев Қариннен кешірім сұрады
Ұлттық құрылтай барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннен аталған лауазымның жойылуына байланысты әзіл-қалжың аралас кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда мемлекеттік кеңесші қызметін Ерлан Карин атқарып келеді. Аталған лауазымды жою туралы шешімді жариялау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Каринге қарап, ағылшын тілінде: "I’m really sorry", яғни қазақшаға аударғанда "Мен шынымен кешірім сұраймын" деді.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев неке институтына қатысты мемлекеттік ұстанымды айтты
Өзгелердің жаңалығы