Илон Маск X Money банк сервисін іске қосты
Илон Маск X Money банк сервисін ашты.
Илон Маскке тиесілі X әлеуметтік желісі АҚШ-тағы Premium және Premium+ жазылымы бар пайдаланушылар үшін X Money банктік сервисін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сервис ақша сақтауға, басқа пайдаланушыларға қаражат аударуға, шоттарды төлеуге және банктік аударымдарды тікелей қолданба ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қаражат Cross River Bank банкінде орналастырылады және АҚШ-тың Депозиттерді сақтандыру жөніндегі федералды корпорациясымен (FDIC) 250 мың долларға дейінгі сомада сақтандырылған.
X Money сервисінің іске қосылуы Илон Масктың мессенджерді, төлем жүйесін және басқа да цифрлық сервистерді біріктіретін қытайлық WeChat үлгісіндегі суперқолданба (все-в-одном) жасау жолындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа сервис сонымен қатар Venmo, Cash App және SoFi сияқты танымал төлем платформаларының бәсекелесіне айналмақ.
Еске салайық, бұған дейін Нұртөре Жүсіп «қазақтан да Илон Маск шығады» деп, оған жетудің басты шартын атады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды
Қазақстандықтар Илон Маск пен SpaceX акцияларынан табыс таба ала ма?
Илон Маск ғарышты игеру үшін өз чип өндірісін ашады
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 23:50
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56