Бүгiн 2026, 10:30 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды

Оның дәулеті 118 миллиард долларға азайды.

Америкалық кәсіпкер Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды. Соңғы өзгерістерге байланысты оның дәулеті 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард долларды құрады. Бұл Bloomberg агенттігінің рейтинг мәліметтерінен белгілі болды.

Кәсіпкер екі аптаға жетпейтін уақыт қана триллионер болды. 12 маусымда Bloomberg агенттігі Масктің корпорациясы - SpaceX-тің акцияларын алғашқы жария орналастырудан (IPO) кейінгі сауда-саттықтың бірінші күнінде-ақ оның дәулеті триллион доллардан асқанын хабарлаған болатын.

Bloomberg индексі миллиардерлер үлесі бар компаниялардың бағалы қағаздарының құны негізінде есептеледі. Кейбір кәсіпорындар үшін бұл есептеу олардың капиталдануы мен EBITDA көрсеткішінің арақатынасына сүйене отырып жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Илон Маск пен SpaceX акцияларынан табыс таба ала ма деген тақырыпта материал жарияланды.