ІІМ "черная кассаға" қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде "Котел" немесе "Черная касса" аталатын ойынның жарнамасы бар хабар тарап жатыр, деп хабарлады Polisia.kz. 

Ойын шарты бойынша қатысушыға 14300 теңге төлеп, екі адамды тартқаны үшін көп табыс келеді-мыс. 

ІІМ Криминалдық полиция департаменті осы аталған факт бойынша тексеріс жүргізуді бастап кетті. 

Еске сала кетейік, қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған (ҚР ҚК 217-бабы). Ішкі істер органдары 2018 жылы қаржы пирамидасын құруға қатысты 103, ал 2019 жылы 23 факті тіркеген. 

2020 жылдың басынан бері ішкі істер органдары қаржы пирамидасын құруға бағытталған 4 фактіні тіркеді. Қазақстандықтар ескертулерге қарамастан, түрлі алаяқтардың "қармағына" түсіп жатыр. Мұндай құрылымдарды ұйымдастырушылар әркез жаңа жол ойлап тауып, керемет тұсаукесер жасап, өзінің құқыққа қарсы қызметін кеңінен жарнамалайды. Ал жеңіл табыс тапқысы келетіндер тез баюға үміттеніп, өз ақшасын ойланбастан беріп қояды, - деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция департаменті.
Бұған дейін, осындай қаржылық пирамидаға алданып қалған елорда тұрғыны басынан өткен жағдайды айтып берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы