ІІМ әйелінен жәбір көретін еркектер жайлы айтты

Бұл туралы Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі «Қазақстанда агрессор әйеліне шағымданатын ер адамдар бар ма?» деп сұрақ қойды.

Игорь Лепеха қоғамда мұндай деректер бар екенін айтты. Лепеханың айтуынша, бұл мәселе қоғамда "нонсенс" саналады.

Әрине, біз бұған нонсенс сияқты қараймыз. Алайда әйелдеріне шағымданатын күйеулер де бар. Олардың саны көп емес, бірақ әртүрлі жағдай болады. Мысалы, балаларына шағымданатын ата-аналар бар, керісінше кәмелетке толған ересектер де өз ата-анасына шағымданып жатады, - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол отбасындағы зорлық-зомбылық бойынша әйелдердің үстінен түсетін шағымдар шамамен 10% деді. 

Айта кетейік, осыған дейін Игорь Лепеха тұрмыстық қылмысқа баратындардың көбі мас күйінде болатынын айтқан еді. Сондай ақ ол 25 қазанда митинг өткізуге жол берілмейтіні туралы да айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы