ИИДМ: Батыс өңірдегі жол жөндеу ерекше назарда

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Батыс Қазақстан облысының жолдарын қалпына келтіруге ерекше назар бөлінуде.

Жалпы ұзындығы 248 шақырым «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайхин» жолдарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бюджет – 56 млрд теңге. 2022 жылға дейін 23 млрд теңге игерілді. Былтыр бұл бағытта 55 шақырым жолдағы қозғалыс ашылды. Биыл тағы 80 шақырым автожолда қозғалысты ашу жоспарланып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол биыл осы бағытта 15 млрд теңге бөлінгенін алға тартты. 

Жылдың соңына дейін 135 шақырым жолда жаңа төсеммен қозғалыс ашылатын болады. Ал 113 шақырым жолдағы қалған құрылыс жұмыстары 2023 жылға көзделген. Бұл жобаның іске асырылуы 2019 жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Уақытылы аяқталмауының себебі: жобаны түзету, инерттік материалдарды дайындау, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжілісмен Дүйсенбинов Атырау-Астрахань бағытындағы автожолды сынап, "Исатайдың аруағынан ұят болды" деп дабыл қаққан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы