14 Қазан 2026, 04:19 Фото: depositphotos.com

Хуситтер шабуылынан кейін Эр-Рияд әуежайы 17 қазанға дейін жабық болады

Әуежай жұмысын уақытша тоқтату нысандардың қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жұмысын тоқтатады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясының билігі зымырандық шабуылдар сериясынан кейін қабылдаған. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежай жұмысын уақытша тоқтату нысандардың қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.

Әуежай 10 қазаннан бері жабық тұр. Йемендік хуситтердің соққысы салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алған.

Кейін әуежай терминалдарына бірнеше рет соққы жасалған. Соның салдарынан Пәкістанның бір азаматы қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған.

Ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары Эр-Риядқа қатынайтын рейстерін тоқтатты.

Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де осы елде жүрген қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын.