«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс – Тоқаев
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс екенін айтты.
«Бұл орайда ауылдардың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарға айрықша назар аудару қажет. Әсіресе, ірі шаруа қожалықтары орналасқан аудандардағы инженерлік желілерді жетілдіріп, олардың сапалы жұмысына қажетті кіреберіс жолдар салу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Президент агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтағанын айтты.
Сондай-ақ, Президент Үкімет ауылды міндетті түрде назарға алуы керек екенін айтып, ауыл шаруашылғы саласындағы мәселелерге назар аударды.