17 Қазан 2024 2024, 12:17 Фото: -архив

Халықтың 400 млн-ға жуық теңгесін "алып алған" қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

«Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасы 2022-2023ж.ж. Төлеби ауданы аумағында орын алған «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржылық (инвестициялық) пирамидасының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты ҚК 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық істі сотқа жолдады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іске 20 тұлғаның қатыстылығы анықталды. Олардың іс-әрекеті салдарынан 279 жәбірленушіге жалпы – 391,7 млн теңге материалдық залал келтірілген, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен табылған мүліктеріне тыйым салынды.