Халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке жеткен жас лингвистер елге оралды
Елге оралған құраманы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қарсы алып, жеңістерімен құттықтады.
Қазақстан құрамасы Румынияның Бухарест қаласында өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті. Ел тарихында алғаш рет ұлттық құраманың барлық төрт мүшесі жүлдеге ие болды.
Қазақстандық оқушылардың ішінде Шыңғыс Карасаев қола медаль жеңіп алса, Рамазан Бутантаев, Аслан Ажибаев және Кирилл Тургумбаев Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Елге оралған құраманы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қарсы алып, жеңістерімен құттықтады. Олимпиадада қатысушылар әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарына негізделген күрделі тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, талдау және жасырын заңдылықтарды анықтау қабілеттерін көрсетті.
Ұлттық құраманың жетекшісі – Ягеллон университетінің студенті Дана Оспанова.
Министрліктің мәліметінше, бұл жетістік дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың, педагогтердің кәсіби еңбегі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі болды.
Бұған дейін Лингвистикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын жеңіп алғанын жазғанбыз.