Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын жеңіп алды.
Қола медаль иегері:
- Шыңғыс Қарасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
- Рамазан Бұтантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандандырылған ІТ-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Аслан Әжібаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
- Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Халықаралық лингвистика олимпиадасына қатысу тарихында алғаш рет команданың барлық мүшесі жүлдеге ие болды.
Құраманы Ягеллон университетінің студенті Дана Еркінқызы Оспанова бастап барды.
Олимпиадалық лингвистика – елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың осы саладағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.