"Халық оңай сенеді". Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын айтты
Сотталушы Қуандық Бишімбаев нацистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің әйгілі нақыл сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұны айтқым келмейді, бірақ айтайын. Нацистік Германияда 1930 жылдары пропаганда министрі деген болған. Соның "біздің өтірігіміз сұмдық болған сайын оған халықтың сенуі оңай" деген сөзі бар. Менің де ісімде солай: өтірік сұмдық болған сайын адамдардың соған сенуі оңай, - дейді Бишімбаев.
Айта кетейік, бүгін сот отырысы барысында әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты.
Бұдан бөлек сенбі күні өткен сотта прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаев Нүкенованы не үшін өлтіргенін айтып берді.
Сонымен қатар жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев сотталушы Қуандық Бимшімбаевтың психологиялық тұрғыда сау емес екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны. 48 945 адам үйлеріне оралды
Өзгелердің жаңалығы