Халық параны қандай қызметтерді алу үшін беретіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысы туралы өткен брифингте айтты. 

Жемқорлық бойынша келісуге қандай жағдайлар түрткі болғанын білу үшін біз 72 әдісті жаздық. Кең тараған түрлеріне ауруханалардан ем мен бағыт алу енді. Ол пандемия аурулары мен өзге дертке қатысты болған. Респонденттер екінші орынға жұмысқа тұруды шығарса, үшінші орынға балаларын балабақшаға орналастыру шықты. Төртінші орында жер қатынастарын реттеу мәселелері тұр, - деді ол. 

Оның айтуынша, пара беру көлемі 1000 теңгеден 300 мыңға дейін жеткен. 

Былтырғы жылмен салыстырғанда пара беру көлемі азайған. Бірақ пара берушілер оны дағдарыспен байланыстырып, жемқорлық туралы келісу төмен сомаға келісілгенін айтты. Алайда мемлекеттік органға жүгінген респонденттердің ашықтығы туралы айтсақ, ол респонденттердің қандай да бір қызметті алу қызығушылығына да қатысты болып отыр, - деді Ольга Шиян. 

Директор айтқандай, респонденттер арасында ХҚКО-ға 3 мың адам барса, олардың 55-і ғана пара беру арқылы келісілгенін айтқан. 

Полицияға жүгінген 483 адам жүгінсе, оның 63-і пара беру немесе келісу арқылы шешілген, - деді ол. 

Айта кетейік, зерттеулер өңір бойынша сұралған респонденттер жауабы нәтижесінде шығарылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы