Бүгiн 2026, 17:41 Фото: istockphoto.com

Гүл үшін айыппұл: Қазақстанда сирень жұлуға қандай жаза бар?

Егер гүлді бұтасымен жұлып, ағашқа немесе өсімдікке елеулі зиян келтірсеңіз, онда 381-баптың 1-бөлігі қолданылады. Яғни 50 АЕК- шамамен 216 000 теңге айыппұл қарастырылған.

Сәуір келісімен қала көшелері гүлге оранып, әлеуметтік желілерде сирень ұстап түскен суреттер көбейеді. Әсіресе қыз-келіншектерге гүл сыйлау трендке айналып отыр. Алайда көпшілік біле бермейтін бір жайт бар: көшеден гүл жұлу – заң бұзушылық.

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жасыл желектерді зақымдағаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Атап айтқанда, 505-бап бойынша, жасыл желектерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға – 20 АЕК айыппұл салынады. Бұл шамамен 78 000 теңге

Ал егер гүлді бұтасымен жұлып, ағашқа немесе өсімдікке елеулі зиян келтірсеңіз,онда 381-баптың 1-бөлігі қолданылады. Яғни 50 АЕК- шамамен 216 000 теңге айыппұл қарастырылған.

Көшедегі сирень – ортақ мүлік, ол қаланың экологиялық балансының бір бөлігі. Мұндай әрекеттер қаладағы жасыл желектің азаюына, экожүйенің бұзылуына әкеледі.

"Заң мен Тәртіп – 1 минутта" жобасында гүлді жұлғандарға қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтамыз.

Бұған дейін сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл салынатынын жазған едік.