Grand Slam: Екі қазақ қола үшін күреседі

Елордада өтіп жатқан гранд-слэм жарысында екі дзюдошымыз қола үшін күреседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирінде 73 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Жансай Смағұлов пен Данияр Шамшаев қола үшін татами төріне шығады. Финалдық ойындар сағат 17:00-де басталады. Жарыстың алғашқы күнінде екі отандасымыз Мағжан Шамшадин (алтын) мен Ғұсман Қырғызбаевтың (күміс) жүлдегер атанғанын жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Өзгелердің жаңалығы