21 Қыркүйек 2026, 19:44 Фото: https://www.instagram.com/officialasianboxing/

Геннадий Головкин Жапониядағы Азия ойындарына барды

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің және World Boxing президенті Геннадий Головкин XX жазғы Азия ойындары өтіп жатқан Нагоя қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы World Boxing баспасөз қызметі хабарлады. Азия ойындарының бокс турнирі өтетін аренадан оны жергілікті ұйымдастыру комитетінің өкілдері, сондай-ақ жарыс директоры, Жапония бокс федерациясының президенті және Asian Boxing кеңесінің мүшесі доктор Тацуя Накама қарсы алды.

«World Boxing президенті Геннадий Головкинді Нагоядағы XX Азия ойындарының бокс турнирі аренасында жергілікті ұйымдастыру комитетінің өкілдері және жарыс директоры, Жапония бокс федерациясының президенті әрі Asian Boxing кеңесінің мүшесі доктор Тацуя Накама қарсы алды», – делінген хабарламада.

Головкин Азия ойындарының бокс сайыстарының алғашқы күніне қатысып отыр.

Қазақстан атынан бокс турниріне 11 спортшы – алты ер адам және бес әйел спортшы қатысады. 

XX жазғы Азия ойындары Айчи мен Нагоя қалаларында 4 қазанға дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝘼𝙨𝙞𝙖𝙣 𝘽𝙤𝙭𝙞𝙣𝙜 (@officialasianboxing)