FlyArystan ұшағы Шымкент әуежайында итті қағып кетті
Әуе компаниясы ұшу-қону жолағындағы соқтығысуды растады.
FlyArystan әуе компаниясы Шымкент әуежайында болған оқиға туралы хабарлады.
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 2026 жылдың 15 сәуірінде Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін, ұшу-қону жолағында ұшақ итпен соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан ұшақтың кейбір бөліктері зақымдалды. Компания ауыстыруға қажетті бөлшектердің Алматыдан жеткізілетінін нақтылады.
Соқтығысу салдарынан әуе кемесінің компоненттері зақымдалды. Ауыстырылуы тиіс барлық бөлшек Алматыдан жеткізіледі. Ұшу қауіпсіздігі әуе компаниясының басты басымдығы болып табылады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде, – деп атап өтті компания өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Астана-Орал рейсінде жүкті жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ұшақ кері қайтарылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан AZAL-ға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады
Қазақстандықтар 2026 жылдың жазында қайда ұшады: Жаңа рейстер мен бағыттардың толық тізімі
FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты