Ақшасынан айырылып қалады. Сарапшы қаржы пирамидалары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Proportunity Management Company» инвестициялық финтех платформасының негізін қалаушы Арман Баев қаржы пирамидаларына сенбеуге шақырды.
Сарапшының айтуынша, пандемия басталған бері әр отбасының қаржылық жағдайы оларды көбірек ойландыра бастады. Осыған сәйкес қаржы пирамидаларының қызметі де көптеп арта түсті. Бұл азаматтардың жиған ақшасынан айырылуына әкеліп соғып жатыр.
Осы реттегі басты мәселе адамдардың аталған пирамидаларға ақшасын салар кезде ақпаратты тексермеуі. Одан кейін жалған ақпаратқа ұрынады. Осылайша, еңбекпен тапқан ақшасын тексерусіз бере салады да, соңында жиған ақшасынан айырылып қалады. Бұл феномен бізді таңғалдырады, - деді Арман Баев.
Ол мұндай мәселеге байланысты енді дамып келе жатқан краундфандинг компаниясы адамдардың табыс жасау мүмкіндігіне жағдай жасап, әдістерін жетілдірген.
Краундфандинг компаниясы секілді бизнестің негізін қалай отырып, адамдарға табыс табу мүмкіндігін беру мақсатын қойдық. Осы орайда жылжымайтын мүлікке қатысты жағдай жасап, әрбір адамның табыс алуын ойластырдық, - деді сарапшы.
Сонымен қатар елімізде краудфандинг жақсы қарқын алып келе жатқанын, оған кез келген адамның инвестор бола алатынын айтты.
Осы тұрғыда адамдар қаражатты бірлесе салып, бірге инвестициялап, ортақ жоба бойыша жұмыс істейді. Барлығымыз банктердің дәстүрлі жүйесін білеміз, яғни банк депозиттері мен басқа да салымдары бар. Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестициялау бойынша алғашқы краундфандингті құрдық. Бұл ретте адамдар 1 шаршы метрден басталатын алаңға инвестиция сала алады. Енді ауқымды коммерциялық нысандарға инвестиция салудың қажеті жоқ. Бір шаршы метр аумақты сатып алып, заңды түрде оның иесі атанып, соны жалға беруден табыс табуға болады, - деді ол.
Олжас АДАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы