Ет, түйе сүті мен ұшатын театр: Қазақстан көрші елдің елшісін несімен таңқалдырды?

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь екі ел арасындағы серіктестіктің қалай дамып жатқанын және бір жыл ішінде Қазақстанның несімен ерекше әсер қалдырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Қытайда Көктем мерекесі 17 ақпанға сәйкес келеді. Чуньцзе мерекесіне орай ресми демалыс күндері тоғыз күнге созылады. Ал «чуньюнь» кезеңі 40 күнге жалғасып, 2 ақпаннан 13 наурызға дейін өтеді. Осыған орай, ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде «Қорғас» орталығы келушілер үшін толық жабық болады. 

4 ақпан күні Астанада Қытай елшілігі Көктем мерекесін атап өтті.

Көктем мерекесі – бейбітшілік пен келісімді, татулық пен үйлесімді дәріптейтін қытай өркениетінің терең философиясын бойына сіңірген ұлық мейрам.

Қытайдың ай күнтізбесі бойынша дәл бүгін көктемнің басталуы саналады. Бұл да – өте жақсы нышан әрі терең мағынаға ие. Қытайдағы Көктем мерекесінің Наурызбен ұқсастығы өте көп. Көктем мерекесі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Сондықтан бұл тек қытай халқының ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ мерекесіне айналып отыр. Былтыр мен Наурыз мейрамына арналған іс-шараға шақырылған едім. Бұл мереке мені ерекше әсерге бөледі. Осыған қарап, біздің мәдениеттеріміздің арасында ұқсастықтар көп деп ойлаймын. Өйткені екі халық та отбасының қайта қауышуына, қуаныш пен шаттықты бір-бірімен бөлісуге айрықша мән береді, – деді Қытай дипломаты.

Елшілікте сонымен қатар Қытай туризмі таныстырылды. Залда түрлі танымдық әрі интерактивті іс-шаралар өтті. Онда ойындар, қытай өнері мен мәдениетінің шеберлігі көрсетілетін көріністер ұйымдастырылды.

Хань Чуньлинь журналистерге берген сұқбатында қазақ-қытай байланысы қандай деңгейде дамып жатқанына тоқталды.

Ең алдымен екі ел басшыларының стратегиялық басшылығының арқасында биыл екіжақты қарым-қатынастардың дамуы айтарлықтай серпін алды. Өзара сауда көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға артты. Соның нәтижесінде Қытайда қазақстандық көптеген тауарды сатып алуға мүмкіндік бар. Мысалы, маған түйе сүті, бал және Қазақстанның басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ биыл – елдеріміз арасындағы мәдени алмасу жылы. Ал өткен жыл Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы болған еді. Жеке өзім Қазақстан аумағының жартысына жуығын аралап үлгердім деуге болады. Елдің көптеген өңірлерінде болдым, жергілікті халықтың жылы қабылдауына куә болдым. Көркем табиғаты да маған үлкен әсер қалдырды, – деп айтты елші.

Сұқбат кезінде елші Хань Чуньлиньге қазақтың ұлттық тағамы – ет ұнайтынын білдік. Сонымен қатар ол Қазақстанның жарты территориясын аралап үлгергенін айтты. Мысалы, Маңғыстау облысы, Түркістан өңірі, Солтүстік Қазақстан облысында болған. Ақтаудың күнбатысы, Бурабайдың әсем табиғаты, Түркістандағы Керуен-сарайдағы “ұшатын театр” мен Ясауи кесенесі дипломаттың ерекше ықыласын тудырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы