Еспаева: Елімізде әскери қызметшілердің тек 14%-ға жуығы әйелдер

Қазақстанда 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Конференция барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. 

БҰҰ-ның бітімгершілік даярлау орталығында сертификатталған курстар шеңберінде әскери кеңесші-әйелдерді даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Әскери әйел қызметшілердің саны артып келеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамының 13,7%-ын әйелдер құрайды. Олардың 10 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Онда «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асыруға бағытталған бөлім бар. Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қарарларын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева.

Вице-спикер 1 тамыздан бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдап, әйелдердің құқығын қорғау шаралары жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтқан болатын. 1 тамыздан бастап елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаза қатаңдады. Енді тәртіп сақшылары жәбірленушілердің шағымынсыз іс қозғай алады. Бүгінде Парламентке келетін барлық заң жобаларда гендерлік, міндетті сараптама жасау мәселесін көтеріп отырмыз. 2021 жылы Президенттің тапсырмасымен «Тең ұрпақ» деген диалог болған. Соның ішінде «Теңдік үшін» деген платформа болды. Осы платформада Орталық Азия елдеріндегі әйел теңдігі мәселелері талқыланып отырады. Бүгінгі отырыста осы платформаны кеңейтуді көздеп отырмыз, – дейді Дания Еспаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы