"Ешкім назардан тыс қалмайды". Бектенов зардап шеккен тұрғындар жайлы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны шараларына байланысты бірнеше министрлікке тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауқымды су тасқынына алып келген себептерді анықтап, оларды жою жөнінде ұсыныстармен бірге қалыптасқан жағдайға толық талдау жүргізу қажет. Әрбір өңір географиялық және ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, іс-шаралар жоспарын қайта қарауы керек. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 2025-2029-шы жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмысқа тәжірибелі салалық сарапшыларды тарту керек, - деді Үкімет басшысы.

Бектенов Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Қаржы, Көлік, Құрылыс, Су ресурстары министрліктері мен өңір әкімдіктері тез арада апаттан келген шығын көлемін бағалап, зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуге кіріссін деп бұйырды.

Әкімдіктер жергілікті жерлерде зардап шеккен тұрғындарды шығынды өтеу алгоритмі және үй салу үшін көрсетілетін көмек туралы атаулы түрде хабардар етуге тиіс. Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Бәріне көмек берілетін болады, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Үкімет отырысы барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астананың маңындағы елді мекендерде су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті. 

Бұдан бөлек елімізде қанша үй су астында қалғаны айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы