3 Қыркүйек 2026, 09:09 Фото: gov.kz

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды

Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін кеше, яғни 2 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Ал бүгін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық.