"Ертең Ақтөбе мектептерінде атыс болады" деген қаскөй анықталды

Терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқан жақын шет елдердің 18 жастағы тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген Ақтөбе облысы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
Жыл басынан бері шетелде таралған осындай бірқатар жалған хабарламаны ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы